Қоғам

Полиция бөліміне 17 қызметтік автокөлік тарту етілді

Полиция бөліміне 17 қызметтік автокөлік тарту етілді

Бүгінгі күні полицейлерге ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында Үкіметке «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттігін айтып, учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін заңнама арқылы арттыруды тапсырды. Бүгін аудандық полиция бөлімінде Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қалымбетов, аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов, Сарысу ауданы прокуроры, Аслан Әбілдаев болып, жаңадан тағайындалып жатқан Сарысу ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Асxат Аманқұлұлы Алметовты, Сарысу ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Әбдіманап Шілманбетовты көпшілікке таныстырды. Содан соң таныстыру соңы барлық сақтық шараларын ұстана отырып, салтанатты шараға ұласты. Соңғы уақытта облыс көлемінде полиция қызметкерлеріне материалдық және техникалық жағынан қамтылуына барынша қолдау көрсетілуде. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Жамбыл облысының әкімі-Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Сарысу аудандық полиция қызметкерлеріне 17 автокөлік алып берді. Осы автокөліктердің кілттерін табыс ету барысында аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қалымбетовтер құттықтау сөз сөйлеп: - Жолдаудан бастау алған полицияның мәртебесін көтеру, елдің ішкі тұтастығын сақтау екендігін үлкен жауапкершілікпен қабылдауымыз керек. Ауданымыздың тәртіп сақшылары Мемлекетіміздің алға қойып отырған міндеттерін абыроймен атқарады,- деген үлкен сенім білдіріп, қызметтік көліктердің кілтін табыс етті. Жақында ғана облыс басшысы Шу ауданында өткен оқу-жаттығу жиынында облыстық учаскелік полиция қызметкерлері арасындағы «Үздік учаскелік полиция қызметкері» байқауының нәтижесін жариялап, байқау жеңімпаздарын марапаттады. Сол байқауда өз әріптестерінен озат атанған Байқадам ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны-Мұсаев Руслан Тұрарұлы да бүгінгі су жаңа автокөліктің кілтіне ие болып, өзінің алдағы уақытта адал қызмет ететіндігі жөнінде жеткізді. Қаз-қатар тізілген автокөлік кілттерін алғандар, көліктеріне мініп іске кірісіп те кетті. Жақсылықтың бастауы, елдің тәртібі мен тыныштығын күзетерде жүйітіп тұрсын, жаңа көлік құтты болсын деген ниетпен шашу шашылды. Сарысу ауданы әкімдігі