Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары сақталады

0 26

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой індеттің таралуына жол бермеу мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күндеріндегі локдаундар сақталатынын айтты.

«Аурудың таралуын болдырмау және оң динамиканы сақтау мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күндері локдаундар сақталады. Қазіргі уақытта КВИ бойынша тұрақты эпидемиялық жағдайға қол жеткіздік. Қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бері ауруханаларда төсек орындардың жүктемесі 6 есе, жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 6,6 есе азайса, коронавирус инфекциясы бойынша жедел жәрдем шақыру жағдайы 5,5 есе төмендеді. Емханалар үйінде қызмет көрсету тәртібіне көшіп кетті», деді Алексей Цой.

9 қыркүйектегi жағдай бойынша жалпы 106 498 адам коронавирус жұқтырды. Соңғы тәулікте COVID-19 оң нәтижесімен 73 адам тіркелді. 4810 ем алып жатыр, 100 042 адам (94%) ауруханадан шығарылды. 1646 адам қайтыс болды. Республикада ПТР теріс нәтижесі бар КВИ-дың 28 228 жағдайы тіркелді.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.