Қазақстанда күн суытады

0 43

Синоптиктер 22-24 қазан күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын жауып, арты қарға ұласады.

«Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. Онымен бірге жауын-шашын келеді, жаңбыр қарға ұласады. Әсіресе, бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады. Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында 5-13 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді», — деді синоптиктер.

tengrinews

Leave A Reply

Your email address will not be published.