Қоғам

Қазақстанда «Lotomatic» терминалдары жұмысын тоқтатты

Енді Қазақстанда лезде лотория ойнататын “Lotomatic” терминалдары мен киоскілері заңды түрде жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ресми хабарламаға сүйенсек, азаматтар мен мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштерге орай Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес 30 қаңтардан бастап республика аумағында «Lotomatic» терминалдары/киоскілері электронды лездік лотереяны таратуды уақытша тоқтатты.

«Осыған орай азаматтарды қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған «Lotomatic» киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз Министрліктің чат-ботына хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып мұқият қаралады. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады”,- деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.