Қазақстанда жаңа мереке күні пайда болады

38

Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесіне толықтыру енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Атап айтқанда, мерекелік күндердің тізбесін мынадай мазмұндағы тармақпен толықтыру ұсынылады.
Яғни «Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің, қызметкерінің күні – 9 маусым» деп бекітілді. ІІМ өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта арнайы мақсаттағы бөлімшелер ҰҚК, МКҚ, Қорғаныс министрлігі және ІІМ сияқты мемлекеттік органдарда бар.

«Бұл мәселенің оң шешімі − қызмет озаттары мен ардагерлеріне құрмет көрсетіп, сондай-ақ жылдар бойы қалыптасқан сабақтастық дәстүрлерін ресми түрде бекітеді. Сонымен қатар өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге, рухани және адамгершілік құндылықтар мен әскери дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа беруге ықпал ететін болады», деп санайды ведомство өкілі.

9 маусым − Елбасының Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесін құру туралы шешіміне қол қойғанына сәйкес естелік ретінде таңдалған.

egemen.kz