Қоғамдық қабылдау Құмөзекте

0 60

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып көшпелі қоғамдық қабылдау барлық санитарлық талаптарды қатаң ұстана отырып бүгін Құмөзек ауылында өтті. Аталмыш қабылдауда ауыл тұрғындары әсіресе кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер саласына қатысты өз өтініштерін білдірді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары жоғары жылдамдықты интернет желісін орнатуды сұрады.
Көшпелі қабылдау барысында 10 азамат өтініш білдіріп, барлық өтініш бақылауға  алынды. Бұл шараға аудан әкімі М.Мұсаев, аудандық соттың төрағасы Б.Абуев, полиция бөлімі басшысының орынбасары Ү.Айнақұлов  және бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.