«Құтқарушы» иттердің қызметі қауырт

0 83
Тәжірибелі жандардың пікірінше кинолог мамандығы бұл айтулы кәсіп болып табылады екен. Аталмыш сала маманы жануардың анатомиясы мен даму психологиясын, әртүрлі тұқымдарды дайындау әдістемесін және түрлі мақсаттағы иттерді өсіру бағыты бойынша бүге-шігесіне дейін білуі қажет. Ол үшін әлгі маманға жан-жануарларға деген сүйіспеншілік пен қарым-қатынас барысындағы ұстамдылық секілді қасиеттер ауадай қажет. Итпен жұмыс жасау кезінде адам көшбасшы ретінде әрекет етеді. Сондықтан аталған мамандықты игеру жолында қатаң мінез иесі болу шарт.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Жедел-құтқару жасағының кинологиялық қызметінде екі бас құтқарушы Мансұр Ибрагимов пен Рүстем Джарамбаев жұмыс істейді. Олар «Гера» және «Юкс» атты ақылды иттермен күн сайын кезекшілікке түсіп, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл түрде оқиға орнынан табылады.Ибрагимов Мансур Зейнулович аталған жасақта еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Жұмыс істеген жылдары «Гера» атты неміс овчаркасымен бірге көптеген іздестіру-құтқару операцияларына, республикалық және облыстық масштабтағы оқу-жаттығуларға, сондай-ақ түрлі сипаттағы іс-шараларға қатысқан. Мансур Ибрагимов қызмет атқару кезеңінде өзін өте жауапты және жоғары білікті маман ретінде көрсетіп келеді.
Рүстем Рысқұлбекұлы Джарамбаев жасақта 2013 жылдан бастап және «Юкс» атты шығыс-еуропалық овчаркасымен бірге көптеген іздестіру-құтқару операцияларына, республикалық және облыстық ауқымдағы оқу-жаттығуларға, сондай-ақ түрлі сипаттағы іс-шараларға қатысып үлгерді. Рүстем Жарамбаев өзінің жеті жылдық еңбек жолында, өзін жоғары дәрежелі кәсіби маман ретінде көрсете білді.
Кинологтардың айтуынша, қызметтің негізгі бағыты і- итпен өзара түсіністік қарым-қатынас орнату болып табылады. Бұл үйлесімді әрі өнімді жұмыстың негізі. Ал жалпы жұмыстың өнімділігі мамандардың сауатты әрекеттеріне байланысты жүзеге асып жататындығын айта кеткен жөн.
Leave A Reply

Your email address will not be published.