Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді білуі және құрметтеуі керек – Қазақстан күрдтері қауымдастығының жетекшісі Қ.Мирзоев
Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді білуі және құрметтеуі керек – Қазақстан күрдтері қауымдастығының жетекшісі Қ.Мирзоев
Қазақстан күрдтері «Барбанг» республикалық қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Князь Мирзоев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Ол облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Бердібек Сапарбаев қонаққа облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын, экономиканың барлық салалары жүйелі түрде дамып келе жатқанын, облыстық бюджет екі есеге артқанын, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен жаңа жұмыс орындарының ашылып жатқандығын жеткізді. Аймақ басшысы мұның барлығына жамбылдықтардың үйлесімді және қарқынды жұмысының арқасында қол жеткізілгенін баса айтты.
Ол Қасқабұлақ ауылындағы тұрмыстық кикілжіндерге кейбіреулердің ұлтаралық сипат беруге тырысқанын атап өтті. Бірақ жедел шаралардың арқасында бұзақыларды тәртіп сақшылары қолға түсірген.
Бұл оқиға күтпеген жағдай болды, өйткені барлығы Қасқабұлақты ең үлгілі ауыл ретінде таниды. Соңғы бірнеше жылда мұнда бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген, дүкендерде спирттік өнімдер сатылмайды. Князь Мирзоев мұндағы жақсы дәстүрлерді сақтап қалу үшін балаларды патриоттық рухта тәрбиелеу қажеттігін атап өтті.
Кездесуде ауыл ақсақалдары да сөз алды. Олар мұнда өркендеумен қатар, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілгенін жеткізді.
Ауылда 1186 тұрғын тұрады. 14 шаруа қожалығы тіркелген. Мектеп ғимаратының іргесі 2017 жылы қаланған. Қазір барлық оқушылар дәстүрлі түрде білім алуда. Сол жылы ауыл клубы да жөндеуден өткен десек, балалар әр түрлі шығармашылық секцияларға қатысып, өздерін дамытуда. Фельдшерлік-акушерлік пункт заманауи жабдықтармен жабдықталған, екі медбике жұмыс істейді. Апта сайын тар бейінді мамандар келіп тұрады. Ауыз сумен қамтуда ешқандай мәселе жоқ. Ауыл 2021 жылы көгілдір отынмен және мобильді интернетпен қамтамасыз етілмек. Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі Жардис Үсейнов Қасқабұлақтағы заңдылық пен тәртіптің сақталуына жауапты учаскелік инспектор осында көшіп келгенін, енді ол тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтынын айтты. Сондай-ақ, мұндай кездесу 4 мыңға жуық күрд диаспорасының өкілдері тұратын Жамбыл ауданының Гродеково ауылында да өтті. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі