Қоғам

Референдум: Тараздық Қойбағаровтар отбасымен дауыс берді

The final spritzer

Отағасы Жамбыл Қойбағаров ел үшін маңызы шешім қабылданатын күні өз таңдауымызды жасадық дейді

Белсенді отбасы Тараз қаласындағы 3- мектеп лицей ғимаратында орналасқан 498 сайлау учаскесінде дауыс берген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбыл Қойбағаров жеке кәсіпкер болса, жұбайы Іңкәр Айтқұлова мұғалім болып жұмыс істейді. Ал үлкен қызы Аружан Сағынбек банк қызметкері болса, 18 жасқа енді толған Әлихан Сағынбек  Назарбаев мектебінің тыңдаушысы екен.

Айта кетейік, бүгін сағат 07:00 мен 20:00 аралығында ел азаматтары өз таңдауын жасайды. Облыс бойынша 508 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы 717 мыңнан аса жамбылдық референдумда дауыс беру құқығына ие.