Ринат Нұрақбаев комитет төрағасы болып сайланды
Ринат Нұрақбаев комитет төрағасы болып сайланды
Білім басқармасының мәжіліс залында облыстық ата-аналар коммитетінің мәжілісі өтті. Онлайн мәжіліске Тараз қаласы мен аудандық ата-аналар комитеттерінің төрағалары және мүшелері, білім бөлімдерінің басшылары, колледждердің директорлары, колледждердің ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысып, «Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері және қашықтан оқыту жағдайында ата-аналар комиттерінің ролі» тақырыбында талқылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жиын барысында облыстық ата-аналар комитетінің жаңа төрағасы сайланды. Облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы қызметін бұған дейін «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Мырза-Ғали Эльмира Инаятқызы атқарып келген. Білім басқармасы басшысының орынбасары Жамиля Бекбатырова Эльмира Инаятқызының атқарған жұмысына алғыс білдіріп, төраға міндетін атқаруға «Асыл Арман» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрақбаев Ринат Даниярұлының кандидатурасын ұсынды. Өңірдегі балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіне өзіндік үлесін қосып жүрген Ринат Даниярұлының кандидатурасын, қалалық және аудандық ата-аналар комитетінің мүшелері бірауыздан қолдап, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы болуға лайық деп тапты.