Қоғам

«Ұрмаңдаршы деп жалынған»: Қызылордада қаза тапқан оқушыға қатысты тың дерек шықты

Баланың анасы телеарнаға сұхбат беріп, оқиғаны баяндап берген

Қызылорда облысы Төңкеріс ауылында 9-сыныптың оқушысы Ерасыл Төребай балалардан таяқ жеген соң көз жұмған. Осылай деген анасы Сәуле Жақсылықова сол күні болған оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

«Информбюро» бағдарламасына сұхбат берген Сәуле Жақсылықова баласы демалыс күні кешке достарына барамын деп үйінен шығып кеткен. Сол кеште жоғары сыныптағы оқушылар өздерінен кіші балаларды жинап алып, әбден ұрып-соққан дейді.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Ерасыл Төребайдың өліміне қатысты екі оқушыны қамауға алған.