Қоғам

Роза Рымбаева мұғалімдерді жеке концертіне билет алуға мәжбүрлегені рас па

Даулы мәселеге қатысты халық әртісінің директоры түсініктеме берді

Мұнайлы ауданына қарасты №10 мектеп мұғалімдері мектеп директорын әнші Роза Рымбаеваның концертіне билет алуға мәжбүрледі деп айыптап, президентке бейнеүндеу жолдаған,деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігінің чатында Мұнайлы ауданына қарасты №10 мектеп мұғалімдерінің бейнеүндеуі пайда болды. Онда ұстаздар мектеп басшысы Роза Рымбаеваның концертіне билет алуға мәжбүрлегенін айтып, мұны жемқорлық деп атаған. Қазір бұл үндеу әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кетті.

Аталған мәселеге орай,  jambylinfo.kz.тілшісі Қазақстан Республикасының Халық әртісі Роза Рымбаеваның директорына хабарласып, әншінің жеке концертіне билеттер мұғалімдерге мәжбүрліктен сатылғаны рас па деп сұрады.