Қоғам

Сағат тілі ауысады: мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін

1 наурыздан бастап бүкіл республика бір уақытқа ауысады

Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысуға байланысты мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер бірыңғай уақыт белдеуі оқушылардың сабағына қалай әсер ететінін сұрады.   

Министр бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу туралы шешімді ғалымдар мен сарапшылар қоғамдастығы қабылдағанын еске салды. Оның пікірінше, бұл дұрыс шешім. 

Айта кетері, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстанның 15 өңірі сағат тілін бір сағатқа артқа жылжытады. Осылайша бүкіл республика бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшеді. 

Ал қазір Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары UTC+6 уақыт белдеуінде орналасқан.