«Сахнамызда әлі халтура жүр». Филармония әншісі Ұланғасыр Қамиевтің әнін сынап тастады
Ұланғасыр Қамиев болса Ақмарал Ноғайбаева той әншілерінің гонорарын көре алмайды деп санайды
«Бес жұлдыз» бағдарламасында өнер көрсеткен Ұланғасыр Қамиев пен филармония әртісі Ақмарал Ноғайбаева арасында конфликт орнады: Ноғайбаеваның айтуынша, қазір әртістер сахнаны «халтураға» айналдырған, деп жазады jambylinfo.kz.
«Бес жұлдыз» бағдарламасында ән салған әнші Ұланғасыр Қамиевтің өнері қазылар алқасына ұнамай қалған. Продюсер Нұргүл Нұғманова оның шығармасын «тойдың әні» десе, Ақмарал Ноғайбаева «қазір сахнада халтура толып кеткен» деді Қамиевке қарата айтқан сөзінде.
Бір күннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше видео жүктеген Қамиев олардың өздеріне сынмен жауап берді.
Ал, «тойдың әні тойда ғана айтылу керек. Сахнаның қадір-қасиетін қашырмайық. Біздің сахнамызда әлі халтура жүр» деген Ноғайбаеваның сөзіне жауап берген Қамиев оны әншілердің гонорарын көре алмайды деп сынады.