Қоғам

Салтанат Томпиева Азаматтық авиация комитетін басқаратын болды

Ол Францияның авиациялық-ғарыштық менеджмент саласында білім алған

Үкімет қаулысымен Салтанат Томпиева Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей. Салтанат Томпиева 1977 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша, Тулуза бизнес-мектебін (Франция) авиациялық-ғарыштық менеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесімен тәмамдаған. Сондай-ақ, Азаматтық авиация менеджменті бойынша ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығында білім алған.

Ол  азаматтық авиация саласындағы еңбек жолын 1998 жылдан бастап Азаматтық авиация комитетінің авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастағаны белгілі.