Қоғам

Сарысуда көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

Сарысуда көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

Көшпелі қоғамдық қабылдау шарасы Жайылма ауылдық округіне қарасты Қызылдихан ауылында ұйымдастырылды. Шара ауылдық клуб үйінің алдында тігілген шатырда, санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті. Қабылдау өткізген тұлғалар: Сарысу ауданы әкімі - Б.Жақсылықов, аудандық әкімдігінің ауыл шаруашылық, жер қатынастары, ішкі істер бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ішкі саясат, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, ТҮКШ ЖҚ және АЖ бөлімі, аудан әкімінің бас инспекторы - Б.Жұмағұлов қатысып, ауыл тұрғындарын қабылдады. Аталған шара барысында тұрғындар тарапынан 17 сұрақ қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды. Сұрақтардың негізгі бөлігі көше жарығы, жайылымдық жер, шалғай алқаптарға лотокпен су жүргізу, ауыл шаруашылығын несиелендіру тақырыптарына арналды.