«Шұғыл түрде елге қайтарамыз». БАӘ-дегі Қазақстан дипломатының басы дауға қалды
Оның әйелі күйеуінің зорлық көрсеткенін мәлімдеді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамашты шұғыл түрде елге қайтарады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айта кетейік, бүгін «НеМолчи» ұйымының жетекшісі Дина Таңсәрі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаштың видеосын жариялаған. Әйелдің айтуынша, күйеуі Сәкен Мамаш оған 10 жылдан бері күн көрсетпей, ұрып-соққан.
Оның мәлімдемесінен кейін бірнеше сағаттан соң Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеме жасады.