Қоғам

Шегіртке туралы жалған ақпарат: Астана соты Telegram-арна әкімшісіне айыппұл салды

The final spritzer

Астана қаласының соты Telegram-арна әкімшісіне шегірткеге қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл салды.

Іс материалдарына сәйкес, журналист Кирилл Павлов өзінің "Казахский чуваш" атты Telegram-арнасында Жамбыл облысындағы шегірткенің, оның ішінде итальян прусының таралуы туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет жариялаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

 

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Мемлекеттік инспекция комитетінің Фитосанитарлық диагностика және болжамдар жөніндегі республикалық әдістемелік орталығы осы жарияланымға байланысты полицияға шағым түсірген.

 

"Аталған жарияланымда итальян прусының таралуы 5 миллион гектардан асады деген сияқты шындыққа жанаспайтын деректер бар", – деп атап өтті сотта.

 

Сот отырысында журналист өз кінәсін мойындамаған. Ол жариялаған деректерді ресми дереккөздерден алғанын айтқан. Ал Комитет өкілі Кирилл Павлов ресми сұранысты ведомствоға жарияланым шыққаннан кейін ғана жолдағанын мәлімдеген.

 

Сот шешімі бойынша журналистке 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.