Шулықтар асарлатып үй салуда

0

Жамбыл облысы әкімдігі мен облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бастамасымен бастау алған «Асарлатып үй салу» жобасы Шу ауданы Жаңақоғам ауылдық округінде жалғасуда. Қазіргі кезде Көктөбе ауылының тұрғыны Райкүл Тулегенованың отбасына баспана салу жұмысы басталып, жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Көктөбе ауылы, көп ұлтты, бірлігі жарасқан үлгілі ауылдардың бірі.Баспана құрылысы қазан айында аяқталып, Тулегеновтар әулетіне жаңа баспананың кілті салтанатты түрде тапсыру жоспарлануда.

Дәл осындай жұмыстар Бірлік ауылдық округінде де өз жалғасын тапты. Асарлату бірлесе отырып, бір-біріне қол ұшын созу — мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындаған қазақ халқының дүниетанымындағы маңызды ұғым.  Бұл ретте, шынайы бірлік – адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі екендігін Бірлік ауылының тұрғындары көрсетті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.