Қоғам

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары 8,5 жылға сотталды

Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкіліне пара бергісі келген

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8,5 жылға сотталып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Сот оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қалалық департаменті басшысының бірінші орынбасарына пара беруге оқталды деген айыппен соттады.

50 жастағы Мақсұт Исахов Шымкент әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылдың ақпанында кіріскен. Ол қаланың көлік және жолдар құрылысы, туризм, спорт, цифрландыру және жерді бақылау салалары үшін жауапты болған.