Қоғам

Синоптиктер 12 қаланың тұрғындарына ескерту жариялады

Қазақстанның біраз қаласында бүгін ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның біраз қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады, деп хабарлайды jambylinfo.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып. 

Дереккөзге сүйенсек, бүгін 29 ақпанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Орал, Өскемен, Риддер, Теміртау, Қарағанды, Жезқазған қалаларында ауа ластанады. Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, жел соқпайды. Еліміздің аумағы бойынша тұман түсіп, тымық ауа райы сақталады.