Қоғам

Өскеменде дүкеннен 80 қорап шоколад ұрлаған күдікті ұсталды

Ірі сауда орталықтарының бірінде бірнеше рет жасалған ұрлық фактісі тіркелді.

Өскеменде дүкеннен 80 қорап шоколад жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қаңтар-ақпан айлары аралығында ер адам сауда залынан бірнеше рет тауар ұрлаған. Ол өз әрекетін ешкім байқамаған сәттерді пайдаланып, заттарды сыртқы киімнің ішіне жасырып, ақысын төлеместен дүкеннен шығып кетіп отырған.