Су тасқынынан зардап шеккен әрбір адамға 100 теңгеден өтемақы төлене бастады
Қостанай облысында су тасқыны кезінде үй-жайларынан айырылған 33 отбасы әрбір отбасы мүшесі үшін 100 мың теңге өтемақы алып үлгерген. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігі Қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Оның айтуынша, өңірде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір облысқа қарасты Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласында су тасқынынан келген залалды есептейтін комиссия жұмысын бастаған.
Алма Жүсіпова хабарлағандай, бұл көмекті алу үшін отбасы мүшелері әкімдікке барып, тиісті өтінішті толтырып, отбасы құрамын көрсету керек және ақшаны алатын есепшоттарын жазып беруі тиіс.