Қоғам

Төрт айдың ішінде әйел түгел тазарып, келесі ер адамға дайын болады - Жанәділ Райымбек ажырасатын әйелдер туралы

Ол кезекті подкаста жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы сөз қозғаған

Танымал коуч, журналист, медиа-менеджер Жанәділ Райымбек отбасы мәселелеріне арналған кезекті подкастында жыныстық жолмен таралатын инфекциялар көбінесе әйелдерден жұғатынын айтып, елді дүр сілкіндірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Жанәділ Райымбек шариғатта ажырасатын әйел бұл қадамға қалай дайындалатынын айтқан. Яғни, Жанәділ Райымбектің айтуынша, ажырасамын деген әйел төрт бойы күйеуінің жанында болады, бірақ, онымен жыныстық қатынасқа түспейді.