Төртінші қабатқа өрмелеп, өртті сөндірген Асыл Ахметов марапатталды

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Алматы әкімдігінде адамдарды өрт кезінде құтқарып қалған қала тұрғыны Асыл Ахметовке ерлігі үшін құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйақы табысталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның төртінші қабатқа дейін өрмелеп шығып, пәтер балконында тұтанған өртті сөндірген бейнежазбасы тараған болатын.
Оқиға 4 маусымда Наурызбай ауданындағы «Алма Сити» тұрғын үй кешенінде болған. Төртінші қабаттағы пәтер балконында қоқыс өртеніп, өрт сөндірушілер келгенге дейін сол маңнан өтіп бара жатқан Асыл Ахметов өртті өшіріп үлгерген.