Қоғам

Танымал рэпер Qarakesek есірткімен ұсталды

Тексеру кезінде одан синтетикалық есірткі табылған

Ақтөбеде Qarakesek лақап атымен танымал 31 жастағы рэпер Омар Амантаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қалалық полицияның мәліметінше, ол есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталған. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.