Қоғам

«Таныстары өлтіріп кеткен». Алматы қаласында әлем чемпионы кісі қолынан қаза тапты

Спортшының қайтыс болғанын муай-тай федерациясы растады

Алматы қаласында әлем чемпионы кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұған дейін Алматы полициясы 20 жастағы жігіттің өлімі туралы айтқан болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, таныс жігіттер арасында жанжал шығып, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған.

2022 жылы Серік Әли 51 келі салмақта муай-тайдан ересектер арасындағы ең жас әлем чемпионы атанып, халықаралық спорт шебері атағын алды.