Тараз қаласы әкімінің орынбасары шаһар мешіттерін аралады
Тараз қаласы әкімінің орынбасары шаһар мешіттерін аралады
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев мырзамен ішкі саясат департаментінің басшысы Ұлана Сламбекқызы қаланың бас имамы Сәдиев Амантаймен қаладағы мешіттерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысып шықты.
Ондағы мақсат қазіргі төтенше жағдайдан кейінгі мешіттердің ашылып, бірақ мешіттерде жұма және бес уақыт намаздардың жамағатпен оқылмай, жеке-жеке оқылу барысын және мешіттегі дәретханалар, мешіттің тазалығы, термометрмен антисептиктердің болып, болмауын қадағалап, сонымен қоса мешіт имамдарымен танысып шықты.
Алдағы уақытта қоян-қолтықтасып, елдің тыныштығымен діннің тұрақтылығына үлес қосып қызмет жасайтынын сөз барысында тілге тиек етті.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі