Тараз қаласы әкімінің орынбасары шаһар мешіттерін аралады

0 128

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев мырзамен ішкі саясат департаментінің басшысы Ұлана Сламбекқызы қаланың бас имамы Сәдиев Амантаймен қаладағы мешіттерді аралап,  тыныс-тіршілігімен танысып шықты.

Ондағы мақсат қазіргі төтенше жағдайдан кейінгі мешіттердің ашылып, бірақ мешіттерде жұма және бес уақыт намаздардың жамағатпен оқылмай, жеке-жеке оқылу барысын және мешіттегі дәретханалар, мешіттің тазалығы, термометрмен антисептиктердің болып, болмауын қадағалап, сонымен қоса мешіт имамдарымен танысып шықты.

Алдағы уақытта қоян-қолтықтасып, елдің тыныштығымен діннің тұрақтылығына үлес қосып қызмет жасайтынын сөз барысында тілге  тиек етті.

“Кеңесхан қажы” мешітінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.