Тараз қаласы электронды билеттендіруді іске қосуға толық дайын

0 125

Қазіргі уақытта Тараз қаласының электронды билеттендіру жүйесі іске қосуға толық дайын. Tulparcard.kz вэб-сайты іске қосылып, толық қызмет көрсетуде. Сайтты пайдаланушылар үшін мектеп оқушыларына жеке көлік картасын сатып алуға онлайн өтінім беру функциясы қарастырылған.

Қазіргі уақытта мектеп оқушыларын көлік карталарымен барынша қамтамасыз ету мақсатында, барлық мектептермен бірлесіп көлік карталарын шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сату-толтыру пункттері жұмыс жасап жатыр. Төлем терминалдары арқылы және QIWI, KASSA24 төлем жүйелері арқылы карталарды толықтыру мүмкіндігі іске қосылды. Жақын арада Kaspi.kz, Халық және т.б. банктердің интернет-мобильді банкингінде аталған функция іске қосылады.

Пайдаланушыларға арналған клиенттік бағдарлама AppStore-да және PlayMarket-те QR-төлем мүмкіндігімен толығымен іске қосылды.
Барлық қолданыстағы автобустарда валидаторлар орнатуға қажетті жағдай (сымдық жүйесі және т.б.) жасалған, автобус салондарында әрбір автобусқа сандық нөмірі бар QR-кодтар орнатылды.

Алайда, электронды билет жүйесін іске қосудың кешігуіне «Нұрлы жол» кеден бекетінде жүк машиналарының көп жиналуы жабдықтардың уақытында жеткізудің баяулауына себепші болды. Қазіргі уақытта мәселе шешілуде және жақын арада қалалық бағдарлы автобустарда валидаторлар орнатылып, жүйе іске қосылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.