Қоғам

Таразда ұрлық жасаған екі күдікті қолға түсті

The final spritzer

Олар базардағы дүңгіршектен қымбат заттарды қолды еткен

Тараз қаласындағы полиция бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз тұлғалардың орталық базардың аялдамасындағы дүңгіршегінің есігін бұзып, бағалы тауарларын ұрлап кеткенін мәлімдеді.

Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар екі 23 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Қос күдікті бұрын да ұқсас қылмыстары үшін жазасын өтеген. Олардың қолынан ұрланған заттар табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің «Ұрлық» бабымен тергеу жүргізілуде.