Қоғам

Таразда «BIZ BIRGEMIZ» монументі ашылды

Таразда «BIZ BIRGEMIZ» монументі ашылды

Тараз қаласында еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай «BIZ BIRGEMIZ» монументінің ашылу салтанаты өтті. Қиын жағдайларда әрдайым бірінші болып көмекке ұмтылып, өз өмірлерін қауіпке тігуге дайын кәсіп иелеріне құрмет белгісі ретінде салынған монументтің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. «BIZ BIRGEMIZ» монументі – ұлттық нақышпен көмкерілген туынды. Композицияның ортасындағы Жер шарын қол ұстасқан дәрігерлер, әскери, полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және еріктілер секілді түрлі мамандық иелері қоршап алған.

Сонымен қатар нысанның ашылу салтанатында облыстық мамандандырылған фтизиопульмонологиялық балалар санаторийінің бас дәрігері Айман Ахрапқызы, облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Манас Ақбалтаұлы, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек сөз сөйледі.

  Талғат НҰРХАНОВ