Таразда донорларға құрмет көрсетілді
Жылына облыста 16 мың донация тіркеледі
Жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік донорлар күні өтеді. Келе жатқан медицина қызметкерлерінің күніне орай, Жамбыл облыстық қан орталығында басқаның өмірін құтқару үшін ерікті түрде өз қандарын тапсыратын донорларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Шараға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Мұнан кейін басқарма басшысы бірқатар донорларға Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіровтің, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің «Алғыс хатын» табыс етті.
Сондай-ақ шарада медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың «Алғыс хаты» бірқатар ақ халатты абзал жандарға табысталды.