Қоғам

Таразда «HALAL EXPO-2024» атты халал өнімдердің  халықаралық көрмесі өтеді

Мұнда өнімдер қолжетімді бағада сатылады

20-21 қыркүйек күндері Тараз қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен халал өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2024» көрмесі өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«HALAL EXPO-2024» көрмесінде халал өнімдердің түрлі ассортиментімен танысып, қолжетімді бағада халал өнімдерді алуға, отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетуге болады.

Көрмеде мына өнімдер ұсынылады:

Ет өнімдері; Құс өнімдері; Сүт өнімдері; Балық өнімдері; Жартылай дайын өнімдер; Кондитерлік өнімдер; Бал өнімдер; Косметикалар; Май өнімдері; Шұжықтар; БАД; Тағам қоспалары; Гигиеналық жуғыш заттар Фаст-фудтар; Балмұздақтар; Сусындар және т.б.

Сондай-ақ, халықаралық халал көрмесіне әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, өндіріс саласының үздіктері мен мемлекеттік ұйымдар, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Көрме барысында халықтың көзайымына айналған «Үздік кәсіпорындар» марапатталады.