Қоғам

Таразда көпқабатты тұрғынүйден өрт шықты

Таразда көпқабатты тұрғынүйден өрт шықты

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің «101» қызметіне Тараз қаласы "Жасая" (11) шағын ауданы №23 тұрғынүйдің пәтерінде өрт шыққаны жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына Тараз қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, кезекшілік өрт сөндіру қызметі және Медициналық апаттар орталығынан барлығы 15 адам жеткен. Сондай-ақ шақырту орнында 5 техника жұмыс атқарды.

Өрт оқиғасы кезінде өрт сөндірушілер оқиға орнынан 12 адамды, оның 3-уі бала, қауіпсіз орынға көшірген. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Өрт салдарынан ас бөлмедегі жиһаздар жойылды. Қазіргі уақытта тиісті қызметкерлерімен өрттің шығу себебі және өрттен келтірілген материалдық шығын анықталуда.

  Кәмшат ҚАДЫР