Таразда кафе, барлар мен дүкендерді тексеруге полицияның мобильдік топтары құрылды
Енді әкімшілік жауапқа мекеме иелерімен қатар, олардың қонақтары да тартылатын болады
Таразда полиция қызметкерлері кафе, барларда кальянның болмауын, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрмеуіне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер сататын сауда орындарын анықтауға рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік жауапкершілікке мекеме иелерімен қатар, сондай-ақ олардың қонақтары да тартылатын болады.
Келушілерден тамақ пен сусындармен бірге кальяндарға тапсырыс берген төлем шоттары тәркіленетін болады.
Полицейлер салған айыппұлдар ойын-сауық иелерін қорқытпайды, мұндай рейдтерден кейін олар біраз уақытқа дейін "тынышталады", содан кейін қайтадан сата бастайды. Сондықтан полицейлерге мобильдік топтар құруға тура келді.