Таразда «Ой мен ойын» интеллектуалды ойыны өтті

0 218

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Алтын Орданың 750 жылдығына орай облыстық жасөспірімдер үйінде «Ой мен ойын» атты «Брейнг ринг» интеллектуалды ойын өттті.

Іс-шараға Облыстық жасөспірімдер үйінің 14 –17 жас аралығында жастардан құралған 3 топ  қатысты.

Интеллектуалдық ойын – жастардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын жеке  тұлға етіп тәрбиелеу. Жастардың білімдерін пысықтау. Алған білімдерін саралай отырып, оқу іс – әрекетіне деген қызығушылығын арттыру.

Шара барысы 3 кезеңнен өткізілді.

І – кезең толықтай логикалық сұрақтардан жасақталды.

ІІ – кезең әлем тарихы бойынша қызықты сауалдардан құрылды.

ІІІ – кезеңде спорт, математика, шет тілдері және т.б салалар бойынша экранға суреттер шығарылып сұрақтар жасырылды.

Әр топ берілген парақшаларға қойылған сұрақтың жауабын 30 сек ішінде жазып, төрешіге өткізуі қажет. Ойын барысында қатысушылар өздерінің алғырлықтарын, білімін, ұйымшылдықтарын жан — жақты көрсете білді.

3 кезең нәтижесі бойынша: І – орын «Көкпар» тобы, ІІ – орын «Усики и компания» тобы, ІІІ – «Тұлпар» топтары иеленіп арнайы мекеме басшылығының тарапынан дайындалған дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

Аталмыш іс — шара нәтижесінде орталық жастарының өте мейірімді, алғыр, жан-жақты, ұйымшыл, алға қойған арман — мақсаттары айқын жандар екендіктеріне көзіміз жетті.

Алдағы уақытта Обылыстық жасөспірімдер үйінің басшылығы Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеуге ниет білдіріп, алғыс айтты. Жасөспірімдер үйінің жастары да іс –щара ұйымдастырушыларын үлкен қимастықпен, ыстық ықыласпен шығарып салды.

 

Ақтөре Асқар,

Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы»

ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.