Қоғам

Тараздағы танымал дизайнер Балғын Балтабаева экс-күйеуінің сотқа бергенін айтып, президенттен көмек сұрады (ВИДЕО)

Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі оның ғана емес, анасының үстінен де арыз жазған

Тараздық дизайнер Балғын Балтабаева экс-күйеуі Азамат Түзелбаев есімді азамат оның және анасының үстінен арыз жазғанын хабарлады. Балтабаеваның айтуынша, бұрынғы күйеуі қызын алдап, «мені анам мен нағашы әжем ұрды» деп айтуға көндірген. jambylinfo.kz тілшісі дизайнердің өзімен сөйлесіп көрді.

Балғын Балтабаеваның айтуынша, оны күйеуі 10 жыл бойы ұрып-соққан. Бірақ, балалары үшін шыдап келген. Дегенмен, оның айтуныша, осыдан 2 ай бұрын кезекті соққыдан кейін шыдамының шегіне жетіп, күйеуін 10 күнге қаматып, ажырасып кеткен.

Дизайнер осы мәселесін айтып, күні кеше 240 мыңнан астам оқырманы бар жеке парақшасы арқылы видеоүндеу жариялаған.

jambylinfo.kz осы оқиғаға қатысты облыстық полиция департаментінен ресми комментарий сұрайды.