Жамбылдық құтқарушылар ит-мысықты құтқарып жүр

0 74

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» телефон нөміріне тәулік ішінде ерекше шақыртулар түсті, – деп хабарлайды «Jambylinfo» ақпарат агенттігі.

Мысалға кеше сағат 12.27-де Тараз қаласының тұрғыны талдан мысық түсіру үшін құтқарушылар шақырған. Оқиға орнына 4 құтқарушы шығып, құтқару жұмыстарын жүргізді.  Ал, кешкі 18.20-да облыс орталығындағы  тұрғынүйдің бірінде қақпа астында қысылып қалған күшіктерді құтқару жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, сағат 13.55-те Байзақ ауданында тұрғынүйдің бірінде 16 жасар қыздың саусағындағы сақинаны шешу бойынша хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар өз кезегінде слесарлық құралдар көмегімен қыздың саусағындағы сақинаны шешкен.
Тағы бір айта кететін жайт, сағат 21.04-те Тараз қаласы 18 жасар жігіттің қолындағы сақинаны шешу жөнінде хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар өз кезегінде жігіттің ісіп кеткен саусағындағы темір сақинаны шешіп берді.
Дәл осы күні сағат 18.20-да Тараз қаласы, «Мынбұлақ» мөлтек ауданындағы пәтердің есігін ашу бойынша шақырту түскен. Сағат 18.26-да оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар 56 жастағы мүгедек кісінің үйіне кіре алмай тұрғандығын көріп, үйінің есігін ашып берген.
Ал сағат 21.48-да Тараз қаласы, «Жансая» мөлтек ауданы, №25 үйдегі пәтердің бірінің есігін ашу жөнінде хабарлама келіп түскен.

Жамбыл облысы ТЖ департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.