Тараздықтар тіршілік нәрінен тарықпайды

21

Облыс орталығында «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 4 нысанды іске асыруға 1 млрд. 304,0 млн. теңге қарастырылған.  Қомақты қаржыға өткен жылдан қалған Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың құрылысы жүргізілді. Ал «Барысхан» алқабын сумен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі қараша айының соңында аяқталған.   «Арай» алқабын электрмен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі мен Ы.Дүкенұлы көшесіндегі су жүйесінің құрылыстары келесі жылға жалғаспақ.

Шаһар шетіндегі саяжайлар мен тұрғын алқаптардың инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуы да назардан тыс қалып жатқан жоқ.  «Шалғай Қарасу», «Тектұрмас», «Қарасай», «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Шаңырақ», «Казарма», «Жиделі» алқаптарын, «Құмшағал» станциясын және осы алқаптарға жапсарлас орналасқан 28 саяжайды электрмен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстарын бастауға қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы шықты. Ал сумен қамтамасыз ету бойынша сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға 2021-2022 жылдарға ұсынылмақ.