Қоғам

«Таза Қазақстан» акциясына миллионнан астам адам қатысқан

The final spritzer

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы аяқталды

«Жасыл аймақ» апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақ мен алаң абаттандырылды. Жалпы, акцияға еліміз бойынша бір миллионнан астам адам қатысқан, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, іс-шаралар Жамбыл облысында – 29 сәуірге, Алматыда – 30 сәуірге, Ақтөбе облысында – 1 мамырға, Шымкентте – 2 мамырға, Қостанай облысында – 3 мамырға, Түркістан облысында және басқа өңірлерде – 4 мамырға жоспарланған. Жастар ресурстық орталықтары, ұйымдар, волонтерлік қоғамдастықтар акция шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады.