Қоғам

TikTok желісіне тыйым салу жөніндегі заң жобасын 352 депутат қолдады

АҚШ Конгресінің төменгі палатасы TikTok АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін деп санайды. Осылайша қытайлық қосымшаны пайдалануды шектеу туралы заңды 352 депутат қолдаса, 65-і қарсы болды, деп хабарлайды Jambylifo.kz

Конгрестің төменгі палатасының өкілдері Америка құрама штаттарында TikTok-ты бұғаттауды қолдап отыр. Бірақ, бұл шешім 170 миллион пайдаланушынының наразылығын тудыруы мүмкін. Қатқыл бастама жасаған билік осыған қаймығады.Бұл заң жобасын енді сенат мақұлдап, президент қол қоюы керек.

 Егер бүкіл АҚШ мобильді қосымшаны пайдалануға тыйым салса, онда Apple және Google оны App Store және Google Play қосымшасынан алып тастауы керек.