Қоғам

Вице-министр Қазақстанда орташа жалақы - 403 мың теңге екенін айтты

Ол елімізде ең төменгі жалақыны қанша адам алатынын да атап өтті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда орташа жалақы 400 мың теңгеден асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Елімізде ең төменгі шекті 85 мың теңге жалақыны 170 мың адам алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты. Шенеунік жалақы білім деңгейі мен жұмыс сапасына байланысты тағайындалатынын атап өтті.