Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы бүгін АҚШ-пен кездеседі

0 25

Бүгін Қазақстан құрамасы волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін АҚШ-қа қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған кездесу елорда уақытымен 23.20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Дүбірлі дода Нидерланды және Польша мемлекеттерінде 23 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама қатысып, төрт топта бақ сынайды.

Қазақстандық волейболшылар С тобында сынға түседі. Қарсыластары — АҚШ, Сербия, Германия, Болгария, және Канада.

Ұлттық құрама бүгінгі және 26 қыркүйекте Германиямен кездесуін Нидерландының Аарнем қаласында өткізеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.