Үлгілі отбасылар марапатталды

0 43

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен отбасындағы өнегелі құндылықтарды жаңғырту және бақытты отбасын үлгі ете отырып, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында некелескендеріне 10, 20, 30 және одан да көп жыл болған елге үлгілі, көпбалалы отбасыларға құрмет көрсетілді.
Шара аясында 5 отбасымен кездесулер өткізіліп, арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Басқарма басшысы Серікбол Берікқожамен бірге волонтерлар белгілі кардиохирург, «Парасат» орденінің иегері С.Жошыбаевтың отбасында, мемлекеттік қызметшілер отбасы Усимбаевтардың шаңырағында, кәсіпкер Қайназаровтар отбасында және көпбалалы әке, үлгілі отбасы М.Мәтен шаңырағында болып қайтты.
Игі бастамаға 100-ден астам волонтер тартылып, аймақтағы 10 аудан қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.