Ырза Тұрсынзада көп балалы аналар мен іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен кездесті

46

12 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы және Агенттік жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада көп балалы аналар мен іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен кездесу өткізді.
«Бақытты отбасы» отбасы орталығында өткен кездесу барысында Ырза Тұрсынзада:
— Жемқорлыққа қарсы тұратын үлкен күш – ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан пейілі, ниеті. Өкінішкке орай ұлттың пейілі, ниеті де тарылып кетті. Жетімін жылатпаған, жесірін жат жұртқа бермеген ұлттық санасы қазір тозып жатыр. Осыған қарсы шыға алатын — қазақ қызының ар-намысы, қазақ анасының пейілі. Әйелден ар кетсе, намыс кетсе, қоғамнан намыс кетеді. Күні-түні еңбек ететін ер азаматтарымыздың рухын асқақтататын — осы әйел қауымы. Олар түзу болса, ер азаматты сен елдің азаматысың деп шығарып салса, ол ел үшін қызмет етеді. Оны көріп отырған бала-шағасы да түзеледі. Соған қарап бой түзейді. Сондықтан бұған әсер ету үшін әйелдің ар-намысын ояту керек, — дейді.
Жалпы орталықта тұрғындарға әлеуметтік қызметтер мен құқықтық кеңестер ұсынады.
«Бақытты отбасы» ғимаратында өткен жиын соңында қатысушылар орталықтың жұмысымен танысты.