Қоғам

«Ютубте беташарын жасаймыз». Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаевамен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Болашақта Нұрлан Әлімжанов тек Әйгерім Қалаубаевамен, ал, Әйгерім Қалаубаева тек Нұрлан Әлімжановпен ғана дуэт айтуға міндеттелмек

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, экс-депутат Нұрлан Әлімжанов әнші, биші Әйгерім Қалаубаевамен өте ауқымды жоба әзірлеп жатқанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«1001 түн» бағдарламасына қонаққа келген ол «Нұрлан мен Әйгерім көңіл жарастырған» деген қауөсекке қатысты пікір білдірді. Әлімжановтың бір сөзі ол екеуі шынымен өте жақын қарым-қатынаста екенін меңзесе, енді бір сөзі өнер иелерін тек ортақ жоба байланыстырғандай әсер қалдырады. Бұл жұмбақ сауалдардың жауабын ол екеуі жуырда өз ютуб арналарындағы жаңа туындылар кезінде айтып береміз дейді.

Ал, жүргізуші Әйгерім Сейфолланың «жұрт сіздерді қосып жатады» деген сұрағына тағы да жұмбақтап жауап берді.

Сонымен қатар Әлімжанов енді екі әнші өзге ешкіммен ән айтпауы мүмкін екенін хабарлады.  

«Нұрлан тек Әйгеріммен ән айтады екен, Әйгерім Нұрланмен ғана ән айтады екен» деген сыбыс шықты, бұл рас па?», - деп сұрады жүргізуші.

Әлімжанов жүргізушінің «Жұлдызды жұптардың қатарын толтырасыздар ма?», - деген сұраққа «иә» деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Жасы 40-қа таяған хореограф Әйгерім Қалаубаева мен әнші Нұрлан Әлімжановтың концерт жүргізуге дайындалған сәті таспаланған бейнежазба желіде қызу талқыланған еді.