Қоғам

Жұлдыз Әбдікәрімова шұғыл түрде неврология бөліміне жатып қалды

Актрисаны бірнеше жылдан бері бас ауруы мазалайды екен

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға түскен. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Актрисаның айтуынша, ол 2016 жылдан бері бас ауруымен күресіп келеді екен. Алайда, кезіндегі коронавирус пандемиясының кесірінен емі үзіліп қалған көрінеді.

Оның жанкүйерлері тез сауығып кетуін тілеген.