Қоғам

Жұманғарин: «Картоптың бағасын шектесек, келесі жылы тапшылық болады»

The final spritzer

Картоп бағасы неге шектелмейді? Бұл сұраққа ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді.

Оның айтуынша, биыл Ресей, Өзбекстан және Беларусь елдерінде картоп өндірісі азайған. Сондықтан Қазақстан осы елдерге картоп экспорттаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Министрдің пікірінше, егер баға шектелсе, өндірушілер картопты басқа елдерге сатып жіберуге тырысады. Бұл жағдайда қарапайым халық картопты бұдан да қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр болады.