Жамбыл облысында қызы әкесінен «студенттің» алиментін өндіріп алған
Әке мен бала арасындағы азаматтық іс медиация жолымен шешілген
Жамбыл облысының аудандық сотында әке мен қызының арасындағы кикілжің қаралып, билердің көмегімен медиациялық келісім жасалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Д.есімді азаматша сотқа арыз жазып, әкесінен алимент өндіріп беруді сұраған. Бойжеткен аймақтағы жоғарғы оқу орындарының бірінде күндізгі бөлімде білім алған.
Сот ұйғарымымен келісім бекітілді, іс өндірісімен тоқтаған.